Бүгін “Оқуға құштар колледж” Тұжырымдамасын іске асыру мақсатында “Ақындар жырлаған туған өлке” тақырыбында жергілікті ақын, сазгерлермен шығармашылық кездесу өткізілді

Бүгін “Оқуға құштар колледж” Тұжырымдамасын іске асыру мақсатында “Ақындар жырлаған туған өлке” тақырыбында жергілікті ақын, сазгерлермен шығармашылық кездесу өткізілді.
Мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Іс-шара барысында директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Темірбек сөз сөйлеп, келген қонақтарға алғысын білдірді. Қонаққа Ауданның Құрметті азаматы, ақын атамыз Б.Сұлтаев, Аудан эмблемасының авторы, Аудандық мәдениет сарайының суретшісі, сазгер, әрі ақын ағамыз Әділхан Мәлік, Шәмші Қалдаяқов атындағы мектеп гимназиясының ұстазы, ақын апайымыз Р.Мұратова қатысты.
Іс шарада студенттер сұрақтар қойып, ақындармен жауап алмасты.Сондай ақ ақын өлеңдеріне жазылған әндер орындалды.
Сонымен қатар колледжіміздің ақыны, ұстазымыз А.Сапарбаев ән орындап, өлеңдері оқылды. Ақындар өз өлеңдерін студенттерге оқып беріп, өз кітаптарын қолтаңбасымен кітапханаға сыйға қалдырды. Кездесу соңында колледж атынан ақындарға арналған сыйлықтар табысталды.


Жарияланды: 28.09.202216:09

Автор: