“Таза сессия акциясы”
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының “Д.Құрманбек атындағы №20 колледжі” МКҚК-нің шеберханасында “Таза сессия акциясы” аясында “Автокөлікке техникалық қызмет көрсету және пайдалану” құзыреттілігі бойынша бітіруші ІІІ-курс №270 оқу тобының студенттері WorldSkills талаптары бойынша демонстрациялық емтихан өтті.
Аталған демонстрациялық емтиханға жұмыс беруші “Орымбет” шаруа қожалығының төрағасы Қ.Расилаев мырза сарапшы ретінде қатысып, колледж бітірушілеріне сәттілік тіледі.