“Білім баға жетпес-байлық”
Ауданымыздағы Д.Құрманбек атындағы №20 колледж ұжымында мамыр айының 16-23.05.2022ж аралығында “Білім баға жетпес-байлық” атты жалпы пәндер бірлестігінің апталығы өтті.
Әдістемелік апталықтың мақсаты: пән оқытушыларының кәсіби және шығармашылық шеберліктерін көрсету, таныстыру. Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Ж.Мұхтар мен математика пәнінің оқытушысы А.Төребекованың ұйымдастыруымен апталықтың ашылу салтанаты болды. Сонымен қатар апталық аясында пән оқытушылары ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шара және сайыстар өткізді. Атап айтсақ орыс тілі пәні оқытушысы Г.Азбергенова, химия пәні С.Шохаева, тарих пәнінің оқытушылары: Л.Өменова және А.Әбдешбектің сабақтары жоғары деңгейде өтіп, өз кәсіби шеберліктерін көрсете білді. Сабақ барысында студенттер топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді, сабақтың құрылымын құрастыруда мұғалімнің шеберлігі көрініп тұрды.
Әдістемелік бірлестік жетекшісі Ж. Мұхтар апталықты қорытындылай келе, ашық сабақтар мен іс-шараларға белсене қатысқан студенттерді марапаттауға ұсынды.