Д.Құрманбек атындағы №20 колледждің студенттері алғашқы әскери дайындық пәні бойынша оқу-дала жиынына қатысты
Мақсаты – қарулы күштердің мәртебесін арттырып, жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Дала жиынында студенттер әскери қызметтің қыр-сырына машықтанды, шәкірттердің алғашқы әскери дайындықта алған білімдерін іс жүзінде көрсетулеріне мүмкіндік берді.
Ел намысын қорғайтын, Тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ететін ұрпақ тәрбиелеу — біздің басты борышымыз.