Сурет байқауы: «ӘЛЕМ – СЕНІМЕН ӘДЕМІ»


Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінде педагог- психолог Г.Сәрсембінің ұйымдастыруымен оқу топтарының арасында «Әлем – сенімен әдемі» атты шығармашылық сурет байқауы өтті.

Байқау мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай, жасөспірімдердің білімді, заманауи білікті азамат болып қалыптасуына үлес қосу. Байқау міндеттеріне тоқталар болсақ,
– білім алушылардың интеллектуалды шығармашылығының дамуына жағдай жасау;
– талантты білім алушылардың жұмыстарын және жетістіктерін танымал ету;
– өнерге құштарлықтарын, эстетикалық талғамдарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
– бала мінезінің тұрақтылығын, ұстамдылығын қалыптастыра отырып, бастаған ісін соңына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Іс-шара ережесіне сай, аталған сурет байқауының жеңімпаздары колледж директорының арнайы дипломдарымен марапатталды.


Жарияланды: 18.05.202207:59

Автор: