Даналықтың дәнін сепкен-ұлы тұлға

Д.Құрманбек атындағы №20 колледжде дарынды ақын-аудармашы, ана тілін түрлеген, болашағына сеніп, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет еткен Алаш қайраткері А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Даналықтың дәнін сепкен-ұлы тұлға» тақырыбында ақын өмірін үлгі етіп, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға, өмірде өз орны бар тұлға болып қалыптасуға, бойына асыл қасиеттерді сіңіре отырып, адамгершілікке, имандылыққа, мейірімділікке баулу және танымдық деңгейін дамыту мақсатында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы С.Болысбаева танымдық сайыс сабағын өтті.
Танымдық сайыс сабағына «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК мекемесінен көне жәдігерлерден көшпелі көрме қойылды. Сонымен қатар ақын А.Байтұрсынұлының бірнеше кітаптарынан көрме жасалды. Танымдық сабақ барысында студенттер ақынның өлеңдерін, шығармаларын, аудармалары мен еңбектерін талқылап, әнін орындады.
Танымдық сабақ соңында колледж басшысы Т.Бейсен сөз сөйлеп, студенттерді арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

Жарияланды: 19.04.202213:21

Автор: