Алаш мұраты және тәуелсіздік құндылығы
Д.Құрманбек атындағы №20 колледжде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ж.Мұхтардың ұйымдастыруымен қазақтың рухани көсемі, Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай
“Алаш мұраты және тәуелсіздік құндылығы” атты конференция сабағын өтті. Конференцияға қатысушысы орталық кітапхана қызметкерлері: Ш.Жанпейісова мен Ж.Серікқызы апайларымыз Ұлт ұстазының рухани мұраларымен таныстыру мақсатында Кітап көрмесін әкелді. Колледждіміздің тарих пәнінің оқытушысы, магистр А.Әбдешбек апайымыз “Алаштың Ахметі” тақырыбында баяндама жасады.
Конференцияны қорытындылай келе, әрбір жас жеткіншек А.Байтұрсынұлының қалдырған рухани мұраны игеріп, ұлттық болмысымызды сақтау керек екендігіне кеңінен тоқталды.