ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ мақсатында …
ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ мақсатында “Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі” және “Шаңырақ жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Д.Құрманбек атындағы 20 колледжде “Кереғар діни ағымдардың алдын алу мен діни толеранттылықты насихаттау” тақырыбында колледж студенттерінің қатысуымен кездесу жиыны өткізілді. Жиынға Дінтанушы Бекбосынов Ермек және Жастар ресурстық орталығының теолог Д. Есенгелді қатысып дініміздің терроризмге қарсы екендігі туралы ашық әнгіме жүргізіп, студенттердің сұрақтарына жауап берілді.