Алғыс айту
1-ші Наурыз “Алғыс айту” күніне №20 колледжде Еріктілер құрамы мен топ жетекшілері А.Төребекова және Ж.Қабыловалардың қатысуымен Шәуілдір ауылының тұрғыны зейнеткер Садыкбекова Канша апамыздың шаңырағына барып, үй іші мен сыртқы шаруашылықтарына қолғабыс етті. Аулада тазалық жұмыстарымен қатар, отын бұтап, қарт анамыздың ақ батасы мен ыстық ықыласын алып қайтты.