Жыл шебері – 2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл шешім еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін аса маңызды қадам болып табылады. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды, қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау басты міндетіміз болып саналады.
«Экономиканың басты өндірістік қуаты – кәсібін жетік меңгерген мамандар» тақырыбындағы аймақтық семинар аясында колледж базасында «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Д.Құрманбек атындағы №20 колледж МКҚК-ны және аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен «Жыл шебері – 2025» атты кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.
Байқауға Ордабасы ауданы «18 колледж», Бәйдібек ауданы «19-колледж», Бәйдібек ауданы «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледж» және Отырар ауданы «Д.Құрманбек атындағы №20 колледж» студенттері қатысып, өз шеберліктерін сынға салды. Байқау «Үздік дәнекерлеуші», «Үздік аспазшы», «Үздік тігінші», «Үздік автомеханик» номинациялары бойынша өз кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Сондай-ақ, байқау барысында Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ж. Нұрпейісов жылы лебізін білдіріп, студенттерге сәттілік тіледі.
Аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов және колледж директоры Б.Қордашбеков байқау жеңімпаздарына марапаттарын табыстады.
«Үздік аспазшы» номинациясы
• 1-орын – Г. Махмудова, Ордабасы ауданы
• 2-орын – Б. Орынбасар, Бәйдібек ауданы
• 3-орын – А. Боранбай, Отырар ауданы
«Үздік тігінші» номинациясы
• 1-орын – А.Базарбай, Бәйдібек ауданы
• 2-орын – А.Омарова, Отырар ауданы
• 3-орын – Н.Нусбатова, Бәйдібек ауданы
«Үздік автомеханик» номинациясы
• 1-орын – Е.Өміртай, Отырар ауданы
• 2-орын – Н.Қоштай, Бәйдібек ауданы
• 3-орын – Н.Бақтияров, Ордабасы ауданы
«Үздік дәнекерлеуші» номинациясы
• 1-орын – А.Абдикаримов, Бәйдібек ауданы
• 2-орын – Е. Сары, Отырар ауданы
• 3-орын – М.Қалдыбек, Ордабасы ауданы
Аталған жүлделі орындар ақшалай сыйлықтармен және арнайы номинациялар бойынша марапатталды.
Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!


Жарияланды: 17.12.202510:20

Автор: