Жастар мен кәмелетке толмағандар арасында қауіпсіздік шаралары бойынша алғашқы медициналық көмек көрсету
Отырар аудандық № 9 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі С.Момбеков, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Ж.Айтбектің және №9 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау капитаны Н.Нұржанның қатысуымен жастар мен жасы кәмелетке толмағандар арасында қауіпсіздік шаралары бойынша алғашқы медициналық көмек көрсету шаралары көрсетілді. Сонымен бірге, төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.