ЖАСТАР .ЕРІКТІЛІК .БАСҚАРУ
24-25 қараша күндері Төлеби ауданындағы Біркөлік шатқалында орналасқан ” Бəйшешек” лагерінде Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен “ЖАСТАР ЕРІКТІЛІК БАСҚАРУ” тақырыбында семинар тренинг болып өтті.
Аталғаншараға Түркістан облысының барлық аудан , қалалардағы колледж жəне университеттердің студенттері, соның ішінде 200- ге жуық еріктілер ұйымдарының көшбасшылары жиналды.
Семинардың басты мақсаты жастар еріктілік пен жобаларды басқару, командада жұмыс жасай білу қабілеттерін дамыту, көшбасшылық қабілеттерді дамыту , ерікті жастардың ұйымының жұмысын оңтайлы жүргізу.
Жастар бірнеше бағыттар бойынша 2 күндік семинар – тренингтен өтті. Аталған семинар-тренингке Түркия елінен келген Рамазанов Арслан өзінің тәжірибесімен бөлісіп, өзінің 6 мемлекетте компаниясы жұмыс жасайтынын атап өтті. “ЖАСТАР ЕРІКТІЛІК БАСҚАРУ” тақырыбындағы семинарға №20 колледждің жастары да қатысты.