“Жастарға заңгерлік бойынша кеңес”

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Жастарға заңгерлік бойынша кеңес” тақырыбында жас ұрпақтың құқықтық санасын көтеру мақсатында колледжде заңгерлермен кездесу өтті. Кездесуге жеке сот орындаушы Ғ.Абылайханов, Мемлекеттік сот орындаушы С.Жусипов, адвокат С.Тиметов, нотариус Ө.Смаханұлы келді.
Кездесу барысында студенттер өздеріне тиісті құқықтық көмек алып, өз пікірлерімен бөлісті.


Жарияланды: 02.12.202408:44

Автор: