“Жасөспірімдердің өмір қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықтың алдын алу”

Д.Құрманбек атындағы 20 колледжде АПБ-і, учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Пірімжанов Жасұлан Молдаханұлымен “Жасөспірімдердің өмір қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын – алу бойынша колледж білім алушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында болып жатқан қылмыс түрлері: зорлық-зомбылық  көрсету, ұялы телефондарды және басқа да заттарды ұрлау, басқаларға әлімжетік көрсету туралы айтты.  Сондай-ақ сіздердің жауапкершіліктеріңізге біз және оқу орындарыңыздың басшылары,  ата-аналар тікелей жауапты боламыз.Ал енді жасөспірімдік суицидке тоқталатын болсақ, есею кезінде жасөспірімдер қоршаған оны ортаны ақ және қара, жақсы я жаман деп бөледі, өмірдің мәнін өліммен ойнай отырып іздейді. Мұндай ойлардан жасөспірімдерімізді сақтауымыз қажет. Суицид, яғни адамның өз-өзіне қол жұмсауы – қоғамдық, мемлекеттік, әлеуметтік, саяси, психологиялық сипаты бар күрделі проблема екені бәрімізге мәлім және анық. Бұл дертпен тек психолог немесе дәрігер күресу керек деген қате түсінік. Сондықтан да бұл дертпен күресуде невропатологтар мен психиатрлардың, психологтар мен оқытушылардың, тіпті ата-аналардың да рөлі зор. Бірігіп жұмыс істеген кезде ғана жас ғұмырдың ерте үзілуіне тосқауыл қоюға мүмкіндік туады.


Жарияланды: 02.10.202413:51

Автор: