«Жаңа Қазақстан. Таза табиғат»
Колледжімізде бүгін «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атты экологиялық акциясы болып өтті. Акцияның мақсаты – колледжіміздің көрнекі орындары мен табиғи аумақтарын қоқыстан тазарту. «Үлкеннен – үлгі , жастардан – жігер» ұранымен ерікті ұстаздар да ауқымды науқаннан қалыс қалмады. Егер әр адам, кішкентай балаға дейін табиғатын сүйіп, оны аялайтын болса, біздің жеріміз, жалпы қоғамда тазалық орнайды.