«Жүрекке жылу берген—дәрігер»
Д.Құрманбек атындағы №20 колледж Ізгілік елшілері жоспарына сәйкес І курс студенттер арасында «Жүрекке жылу берген—дәрігер» тақырыбында сурет байқауы өтті. Жоба жетекшісі А.Қырғызбай байқау нәтижесінің қорытындысы бойынша №280 оқу тобы, «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының студенті Қалжан Нұрдидарды үздік деп таныды. Нұрдидар қазіргі қоғамда жайлаған індеттің зардабын сурет арқылы анық көрсете білді.