«Жұмысшы мамандықтар жылы – нақты істің жылы»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауы – ел экономикасын дамытуға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастама еңбек адамының мәртебесін көтеріп қана қоймай, кәсіби-техникалық білім беру жүйесінің рөлін айқындап берді.
Бүгінде еліміз өндірістік салаға қажет білікті мамандарға зәру. Электр жабдықтарын құрастырушы, дәнекерлеуші, тігінші, аспаз, құрылысшы, механизатор сияқты нағыз еңбек мамандары – қоғамның тірегі. Осыған байланысты кәсіби білім беру орындарының алдында жаңа міндеттер тұр – бәсекеге қабілетті, өндіріс талабына сай маман дайындау.
Ынтымақтастық – сапалы маман дайындаудың басты кепілі.
Осы мақсатта Дәуренбек Құрманбек атындағы №20 колледжде өндіріс орындарымен әріптестік байланыс орнату бойынша маңызды келіссөздер өтті. Кездесу барысында колледж бен өндіріс өкілдері студенттердің кәсіби тәжірибесін ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылады.
Кездесуге «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС директоры Сюй Цзе бастаған делегация келді. Олардың қатарында:
9-базаның басшысы – Дэн Юйзэ
9-базаның ішкі істер қызметкері – Ердана мырза
3-базаның ішкі істер қызметкері – Махпал ханым
Агроөнеркәсіп кеңсесінің өкілі – Бүрлен мырза
Келіссөздер нәтижесінде тараптар ынтымақтастық меморандумын жасауға келісті. Бұл құжат колледж студенттерінің кәсіби дамуына нақты мүмкіндік береді.
Келісім аясындағы негізгі бағыттар:
Болашақ меморандумда төмендегідей маңызды бағыттар қамтылмақ:
✔ Студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу
✔ Заманға сай дуальды оқыту жүйесін енгізу
✔ Студенттерді еңбек нарығына бейімдеп дайындау
✔ Табысты түлектерді жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету
✔ Үшжақты келісімшарт (колледж – кәсіпорын – студент) негізінде оқыту
✔ Зауыт пен өндірістен тәжірибелі тәлімгерлерді бекіту
✔ Материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға ықпалдасу.
Дуальды жүйе – уақыт талабы.
Дуальды білім беру – колледж бен өндіріс арасындағы тиімді көпір. Бұл жүйе арқылы студенттер:
теорияны өндірісте тәжірибемен ұштастырады,
кәсіби дағдыны нақты жұмыс орнында меңгереді,
жалақылы тағылымдама мүмкіндігіне ие болады,
оқуды тәмамдаған соң жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.
2025 жылдың Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануы – біздің колледж үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Еңбек адамының мәртебесін көтеру – бәріміздің ортақ міндетіміз. Ынтымақпен жұмыс істей отырып, сапалы білім беріп қана қоймай, ел экономикасының дамуына үлес қосатын білікті мамандар даярлауға күш саламыз.
Еңбек – елдің қуаты, маман – мемлекеттің тірегі!

Жарияланды: 21.10.202512:51

Автор: