Жұмысшы мамандықтар жылы: әлеуметтік серіктестіктің маңызы

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Бұл «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі», деп атап көрсетті. Түркістан облысы білім басқармасының жоспарына сай, бүгін колледжімізде “2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Экономиканың басты өндірістік қуаты – кәсібін жетік меңгерген мамандар» тақырыбындағы аймақтық семинар өткізілді.
Семинар «Отырар өнер және саз мектебі» оркестрінің «Адай» күйін орындауымен ашылды.
Колледж директоры Қордашбеков Бақдәулет Жақсылықұлының «Жұмысшы мамандықтар жылы аясында әлеуметтік серіктестердің рөлі» тақырыбында баяндама оқыды.
Семинарды ашу және құттықтау сөзі Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нұрпейісов Жандос Сәттарұлы, аудан әкімінің орынбасары Құлмаханов Айдос Құлмаханұлына берілді. Сонымен қатар, Отырар ауданы прокурорының орынбасары Ізтілеуов Серік Нұрмаханұлына сөз берілді.
”Қазатомөнеркәсіп», «Ұлттық атом компаниясы» Акционерлік Қоғамы «Заречное» Қазақстан-Ресей-Қырғыз шетелдік инвестициялармен бірлескен кәсіпорыны Акционерлік Қоғамы бас директорының орынбасары Ниетбаев Аскар Болатовичке сөз берілді.
Сондай-ақ, Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы» акционерлік қоғамына қарасты, «Заречное» Қазақстан-Ресей-Қырғыз шетелдік инвестициялармен бірлескен кәсіпорын» акционерлік қоғамы, колледжімізге демеушілік көмек ретінде, 10 дербес компьютер, 4 принтер, «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша шеберханаға 10 парта, жиһаз берді.
Сонымен қатар, «Қазатомөнеркәсіп», Ұлттық Атом Компаниясы «АППАҚ» ЖШС-нің өндіріс жөніндегі бас директорының орынбасары Калибеков Акыл Мураталиевичке сөз берілді. Сөз соңында колледжімізге автобус сыйға тартып, колледж директоры Қордашбеков Бақдәулет Жақсылықұлына салтанатты түрде кілт тапсырылды.
«Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-нің директоры Джанжуд мырзаға сөз беріліп, ресми түрде меморандумға қол қойылды.
«Орталық Азия Инновациялық Университеті» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, экономика ғылымының кандитаты, доцент Әбілқасым Айнұр Бұғыбайқызына сөз беріліп, ресми түрде меморандумға қол қойылды.
Екі тараптың маман даярлау, тәжірибе алмасу және кәсіби құзіреттілікті арттыру бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыруы, бүгінгі қол қойылған меморандум колледж студенттерін кәсіби қабілетін арттырып, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандар даярлауға мүмкіндік беретіндігі анық.
Бұл сәт колледж тарихында алтын әріптермен қалатыны сөзсіз.
Семинар соңы концертке, Жастар аллеясының салтанатты ашылуы және отшашумен жалғасты.

 


Жарияланды: 17.12.202510:13

Автор: