Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы ашық есік күні
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДАҒЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
“ЗАРЕЧНОЕ” КЕНІШІНЕ ӨНДІРІСТІК ЭКСКУРСИЯ
Елімізде 2025 жылдың Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануы-техникалық және кәсіби білім беруді дамытуға серпін берген маңызды қадам екені белгілі. Осы бастама аясында жастарды қол еңбегіне баулу, өндірістік ортада кәсіби бағдар беру және жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру бағытында Түркістан облысының білім басқармасымен бірлескен ауқымды іс-шаралар қолға алынуда.
Соның бір айғағы ретінде, 2025 жылдың 26 қарашасы күні «Заречное» Қазақстан-Ресей-Қырғыз бірлескен кәсіпорны акционерлік қоғамының базасында Ашық есік күні, алғашқы жұмыс орнына ұйымдастырылған өндірістік экскурсия өтті. Бұл іс-шара білім алушыларға өндірістің шынайы жұмыс процесімен танысуға, мамандықтың мәнін терең түсінуге және болашақ еңбек жолына ынталануына жол ашты.
Экскурсияға №20 колледждің 3-курс, 18 жасқа толған 25 білім алушысы, арнайы пән оқытушылары қатысты.
Шара қауіпсіздік талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, студенттер өндірістің заманауи жабдықтарымен, жұмыс технологияларымен және кәсіпорынның еңбек тәртібімен танысты.
Сонымен қатар іс-шараға колледжіміздің директоры Қордашбеков Бақдаулет және Түркістан облысы білім басқармасының ТжКБ бөлімінің бас маманы Нәлжігітова Рысалды Оңғарқызы арнайы қатысып, білім алушыларға бағыт-бағдар беріп, кәсіби мамандық таңдаудың маңызын атап өтті.
Біздің колледж бен «Заречное» кәсіпорны арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру-студенттердің кәсіби даярлығын жетілдіріп, болашақта тұрақты жұмысқа орналасуына үлкен мүмкіндік береді. Бұл-дуалды оқытуды дамыту, тағылымдамадан өту және алғашқы жұмыс орнын қалыптастыру бағытындағы маңызды қадам.
Осы игі іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, жас мамандардың кәсіби көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік жасаған
«Заречное» АҚ басшылығына шынайы алғысымды білдіреміз.
Жұмысшы мамандықтардың мерейін өсіріп, ел экономикасының іргесін нығайтатын білікті кадрлар дайындау жолындағы ортақ ынтымақтастығымыз алда да жалғаса беретініне сенімдіміз.







