Жұмысшы мамандықтар шеруі
2025 жылдың 28 ақпанында Түркістан қаласындағы “Түркістан” өнеркәсіптік паркінде Жұмысшы мамандықтар жылына орай “Жұмысшы мамандықтар шеруі” өтті. Бұл шараның басты мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, жастарды осы салаларға тарту және өңірдің экономикалық дамуына үлес қосу.
Аталған бастама білікті жұмысшы мамандарды даярлауға, сондай-ақ жастардың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Осындай игі бастамалар еліміздің өркендеуіне серпін беріп, білікті мамандардың қалыптасуына үлкен мүмкіндік ашады.
#Түркістан_облысы_білім_басқармасы
#Біртұтас_тәрбие
#Жұмысшы_маман_2025
#Талап