“ҮЗДІК МЕХАНИЗАТОР-2023” БАЙҚАУЫ

2023 жылдың 19 сәуір күні Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінде Түркістан облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілік орталығына енетін колледждердің студенттері арасында «Үздік механизатор – 2023» байқауы болып өтті.
Байқаудың мақсаты – студенттердің шығармашылығы мен кәсіби шеберлігін жетілдіру, соңғы өндірістік технологиялардан хабардар білімалушыларды анықтау.
Байқаудың міндеттері:
озық тәжірибелерді насихаттау, жинақтау және тарату;
кәсіптік оқыту педагогтерінің кәсіби деңгейін көтеру;
студенттерді қолдау, ынталандыру және мадақтау;
колледж студенттерінің шығармашылық қабілетін арттыру;
студенттердің рухани-адамгершілік, мәдени келбетін қалыптастыру және мәртебесін көтеру.
Мамандық таңдау адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі болып табылады. Бұл белгілі бір тұлғаның мінез-құлқының, ұмтылысының, тілегінің және өмір салтының айнасы. Әдетте, бұл маңызды шешім жас кезде, мектеп қабырғасында оқып жүрген шақта қабылданады.Бүгінгі таңда сол мамандығын жаңылыспай тауып келген студенттердің өз шеберлігін шыңдайтын кез келді.
Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Байқауға қатысқан студенттер номинациялармен марапатталды.


Жарияланды: 21.04.202310:22

Автор: