“Зайырлы Қазақстанның рухани дамуы, теріс діни ағымдардың алдын-алу” тақырыбында жиын өткізілді

Бүгін колледжімізде “Жастар ресурстық орталығы “КММ-нің теолог және психолог мамандары Н.Сауытбаева мен Л.Сейталиеваның ұйымдастыруымен “Зайырлы Қазақстанның рухани дамуы, теріс діни ағымдардың алдын-алу” тақырыбында жиын өткізілді. Жиынға “Тәйтелі-Ата” мешітінің имамы М.Сұлтанқұлов қатысты.
Мақсаты: теріс діни ағымдардың қоғамға тигізетін кері әсері туралы және жасөспірімдердің бойында келеңсіздіктердің алдын -алу.
Іс-шара барысында психолог Л.Сейталиева колледж студенттеріне диструктивті діни ағымдардың қауіптілігі және зайырлы қоғамның құндылықтары жөнінде айтып өтті.Әрі қарай мешіт имамы М.Сұлтанқұлов студент жастарға кереғар діни ағымдардың сипатын толыққанды ашып берді.

Жарияланды: 02.02.202314:50

Автор: