«Заң мен тәртіпті сақтаудағы Менің үлесім!»
ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету шараларын жүзеге асыру тапсырмасы аясында 2025 жылы 28 қаңтар күні колледжімізде тарих пәнінің оқытушысы Л.Уменованың ұйымдастыруымен ІІІ курс білім алушылары «Заң мен тәртіпті сақтаудағы Менің үлесім!» тақырыбында эссе жазды.
Эссе жазудың мақсаты – құқықбұзушылықпен күресу және тәртіпті сақтаудағы жастардың өзіндік бағдарын анықтау.