«Заң мен тәртіп»

Бүгін Дәуренбек Құрманбек атындағы №20 колледжде Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп – тексеру департаментінің жоспарына сәйкес студенттер мен колледж ұжымына арналған «Дипфейктер мен жаңа қауіп – қатерлер» тақырыбында ақпараттық – танымдық дәріс өткізілді. Дәрісті аға тергеушісі Закир Әли Тажиддинұлы жүргізді.

Аталған іс – шараның негізгі мақсаты – азаматтарды ағарту және қаржылық қауіпсіздік туралы білімін арттыру арқылы алаяқтық схемасына тартудың алдын алу.

Сонымен қатар, дәріс өткізудің маңызды бағыттарының бірі – қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту, азаматтарды заңды қаржы құралдарын пайдалануға, көлеңкелі экономикалық құбылыстардан және құқыққа қарсы әрекеттерден алшақ болуға шақырды.

Лекция барысында студенттер QR – код арқылы сауалнамаға қатысу арқылы кері байланыс берді. Жеке мәліметтердің қауіпсіздігін сақтау жолдары, құпия кодтарды тиімді қорғау тәсілдері, телефонның қауіпсіздік баптауларын күшейту, телефонға жәке мәліметтерді сақтамау, құпия кодтарды шахмат тәрізді бұғаттау, баптау қызметтерін нығайту мүмкіндіктерімен таныстырды.

Назарымызға құқық қорғау органдарының қызметкерлері ешқашан сізден криптовалютаға, инвестициялық жобаға немесе кез келген қаржылық схемаға ақша салуды талап етпейді. Сондай – ақ, банктер мен ірі қаржы ұйымдары өздерінің ресми инвестициялық бағдарламаларын әлеуметтік желілер арқылы жарнамалай бермейді.

Бұл – алаяқтардың жиі қолданатын әдісі екендігін түсіндіріп, сақ болуға шақырды.

Уақтылы ақпарат – қауіпсіздіктің кепілі!

Жасанды интеллект дамыған заманда әрбір азамат цифрлық қауіп – қатерлерден қорғана білуі қажет.

#ЗАҢменТӘРТІП


Жарияланды: 22.11.202507:24

Автор: