Өз эмоцияңды таны-өзіңе көмектес
Психологиялық сауаттылық апталығы.
Ақпараттық түсіндіру күні 22.09.2025жыл.
Бүгін Д.Құрманбек атындағы 20 колледжінде психологиялық апталықтың алғашқы күні өтті. Бұл күн – білім алушыларға ішкі жан дүниесін тануға, эмоцияларын түсінуге және олармен дұрыс жұмыс істеуге бағытталған маңызды қадам болды.
«Өз эмоцияңды таны – өзіңе көмектес»
Арнайы дайындалған ақпараттық материалдар, тақырыптық бұрыштар арқылы білім алушылар эмоция әлемімен танысып, психологиялық көмек пен қолдаудың маңызын түсінді.
Бұл апталық – тек ақпарат беру ғана емес, білім алушыларға өздерін тыңдауды, түсінуді және қолдауды үйрететін маңызды қадам.