ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ!

Бүгін колледжімізде қыздар ұйымының ұйымдастыруымен «Жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу» атты қыздар жиналысы өтті. Қоғамдағы қыз баланың рөлі, мәдениеттілік, тәртіп, өзін-өзі тану, тәрбиелі болу сынды өзекті тақырыптар талқыланды.

Мақсаты: қыз балаларға өзін-өзі қорғау, жауапкершілік, мәдениет пен тәрбиені насихаттау.

Жиналысқа келген мамандар «Өмір ырғағы» ҚБ төрайымы Алшериева Жания Сүйеғалиқызы, Орталық емханасының балалар гинекологы Еден Жазира Дәрітайқызы және психолог маманы Тажиева Динара Мерейқызы өз салаларына қатысты маңызды ақпараттарды студенттерге қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізді. Жиналыс барысында видео-ролик көрсетіліп, студент қыздардан анонимді сауалнама алынды.

Сондай-ақ, жиналысқа қыздар ұйымының жетекшісі Марал Артықбаева, колледж медбикесі Мираш Исабекова, әлеуметтік педагог Мөлдір Сәбденова және оқытушы Балнұр Мұратова қатысты. Жиынды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақыт Темірбеков мамандарға алғысын айтып, колледжімізден шығарылатын «Отырар» кір сабынын сыйлыққа ұсынды.

Келген мамандар өмірлік кеңестерімен бөлісіп, қыздарға үлгі боларлық тәжірибелер айтылды.


Жарияланды: 25.12.202508:20

Автор: