ЫНТЫМЫҚТАСТЫҚ – БІЛІМ МЕН ӨНДІРІСТІҢ ҮЗДІК ҮЙЛЕСІМІ

Бүгін Түркістан облысы білім басқармасына қарасты Дауренбек Құрманбек атындағы №20 колледж директоры Қордашбеков  Бақдаулет Жақсылықұлы  Қазақстан–Ресей–Қырғыз бірлескен “ЗАРЕЧНОЕ” акционерлік қоғамы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл келісімнің басты мақсаты – дуальді оқыту жүйесін жетілдіру, оқу мен өндіріс байланысын нығайту, студенттердің кәсіби тәжірибесін тереңдету және сапалы маман даярлау.

🤝 Меморандум аясында нақты іс-шаралар жүзеге асырылады:

🔹 Колледждің білім алушылары “ЗАРЕЧНОЕ” акционерлік қоғамының өндірістік базасында тағылымдамадан және өндірістік тәжірибеден өтеді.

🔹 Студенттер үшін кәсіпорынға танымдық және кәсіби бағыттағы экскурсиялар ұйымдастырылады.

🔹 Кәсіпорын колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту ісіне атсалысып, оқу үдерісіне қажетті құрал-жабдықтар мен техникаларды ұсынды.

🔹 Екі тарап маман даярлау, тәжірибе алмасу және кәсіби құзыреттілікті арттыру бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асырады.

Бұл ынтымақтастық – нақты нәтижеге бағытталған серіктестік.

Бүгін қол қойылған меморандум колледж студенттерінің кәсіби қабілетін арттырып, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

💬 Сапалы білім мен нақты өндірістік тәжірибе – табысты маманның кепілі!


Жарияланды: 31.10.202513:32

Автор: