“Технологиялық пәндер” бірлестігінің онкүндігі аясында Орынбасар Нұрғаным Орынбасарқызы “Белдікті және иықты бұйымдар” тақырыбында ашық сабақ өтті
Сабақ барысында мұғалім студенттердің пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында заманауи оқыту әдістерін,оның ішінде GENIALLY платформасын, лампа әдісін, т.б. тиімді пайдаланды.
Сабақтың негізгі мақсаты: белдікті және иықты бұйымдардың түрлерін ажырата білу, олардың ерекшеліктірін түсіндіру болды.
Сабақ барысында студенттер өзара пікір алмасып, тәжірибе арқылы білімдерін бекітті. Сабақтың құрылымы жүйелі, мазмұны терең, ал қолданылған әдістер оқушылардың ойлау қабілетін дамытты. Кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісі студенттердің белсенділігін арттырып, пәнге деген қызығушылықтарын оятты.