Таза орта – жарқын болашақ: колледж ауласына 500 жеміс ағашы егілді

«Наурызнама» онкүндігі аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» және «Жасыл аймақ – жарқын болашақ» экологиялық акциясы барысында колледж ауласында 500 түп жеміс ағашы егілді. Бұл шара – жасыл бастамаларды қолдауға, қоршаған ортаны сақтауға және болашақ ұрпаққа таза, жасыл орта қалдыруға бағытталған маңызды қадам.
Жаңару күні қарсаңында колледжімізде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қызу қарқынмен жүргізілуде. Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі ретінде аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы мен «Заречное» АҚ өкілдері, Шардара ауданы білім басқармасының басшысы Ж.Мұсатаева, сондай-ақ аудан ардагерлері, студенттер мен белсенді жастар қатысып, ағаш отырғызу акциясын жүзеге асырды.
Шара барысында колледж аумағына жалпы саны 500 түп жеміс ағашының көшеттері егілді. Атап айтқанда: 60 түп алхоры, 60 түп шие (гигант), 60 түп сары өрік, 30 түп шабдалы, 30 түп алмұрт, 120 түп алма, 60 түп шие (шпанка), 30 түп лимон, 30 түп анар және 20 түп айва.
Бұл акция – жасыл бастамаларды қолдауға, қоршаған ортаны сақтауға және болашақ ұрпаққа таза, жасыл орта қалдыруға бағытталған маңызды қадам.


Жарияланды: 30.03.202616:58

Автор: