Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты
Д. Құрманбек атындағы №20 колледжінде “Мұрагер” топ жетекшілер циклдік комиссиясының “Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!” тақырыбы аясында өткен онкүндіктің жоспарына сәйкес №317 және №318 оқу топтарымен бірлескен “Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!” атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: еліміздің 33 жыл ішінде қол жеткізген толымды табыстарын студенттердің өнері арқылы паш ету, шығармашылық қасиеттерін дамыту, мерекелік көңіл-күй сыйлау. Қазақстанның Тәуелсіздік күнін тойлау, елдің тарихы мен жетістіктерін еске алу, жастарға патриоттық тәрбие беру.