Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының …
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының “Д.Құрманбек атындағы №20 колледж” МКҚК қамқорлыққа алу туралы меморандумға қол қойды.
“Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы” мемлекеттік мекемесі туралы ережесіне сәйкес басқарма басшысының м.а Амантай Оразалыұлы Өсербаев бір тараптан, Жарғы негізінде әрекет ететін “Ақжол” ЖШС-нің директоры Батырғазы Нахайұлы Құлымбетов, “Әшірбай” ЖШС-нің директоры Ырысбергенов Құлмұхаммед Құрмашұлы, “Жібек Жолы” мейрамхана басшысы Дүйсенбаев Ерлан Ноянұлы, екінші тараптан және Жарғы негізінде “Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінің” директоры Бейсен Талғат Қайбылдаұлы үшінші тараптан “меморандум” жасасты.
Меморандумның мақсаты: Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау саласын дамыту, кадрлар даярлаудың негізгі бағыттары бойынша мақсат-міндеттерін айқындау болып табылады.
Меморандумға қол қояр алдында колледж директоры Т.Бейсен меморандум талаптарының міндеттері: кәсіпорын міндеттері, басқарманың міндеттері, колледж міндеттері және басқа да шарттар жайында түсіндіріп, алда бірге атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі.