Студенттер күні – жалынды жастар мерекесі!

Бүгін студенттер күніне орай ауқымды әрі мазмұнды мерекелік іс – шара өткізілді. Іс – шараның мақсаты – жастардың шығармашылығын қолдау, патриоттық рухын көтеру және студенттік өмірдің маңызын арттыру.

Шара барысында келген қонақтарға колледж бірлестіктері әзірлеген көрмелер таныстырылды. Мерекелік жиынды колледж директоры Қордашбеков Бақдаулет Жақсылықұлы құттықтау сөзімен ашып, студенттерге жылы лебізін білдірді.

Кештің арнайы қонағы, аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Досанов Азамат Әлімбайұлы студенттерді мерекемен құттықтай отырып, Отырар аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмақанұлының атынан ауданымыздың қоғамдық – саяси өміріне белсене араласып, мемлекеттік жастар саясатының оңтайлы жүзеге асуына қосқан үлестері үшін белсенді студенттер мен жас ұстаздарды арнайы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады.

Іс – шара бағдарламасы аясында:

· Жаңа қабылданған студенттердің салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті

· Студенттік билеттер табысталды

· Концерттік бағдарлама ұсынылып, студенттер ән айтып, би билеп, өнерлерін ортаға салды

· Іс – шараның соңы от шашумен қорытындыланды

Колледж әкімшілігі барша студенттерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, білім жолында шығармашылық табыс пен жарқын болашақ тіледі.

Бұл күн колледж тарихындағы жарқын әрі ұмытылмас сәттердің бірі болды!


Жарияланды: 18.11.202512:58

Автор: