Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығы

Ұлт руханиятының жарық жұлдызы!
Биыл қазақтың ұлы ғалымы, этнографы, зерттеушісі-Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығы.
Шоқанның қысқа ғұмыры халқымыздың ғылымы мен мәдениетінде терең із қалдырды. Оның еңбектері-қазақ тарихы, этнографиясы және Шығыс мәдениетін зерттеудің баға жетпес қазынасы.
Ал өскелең ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесіне келсек, Шоқанды жастарға нағыз еліктеуге лайық тұлға ретінде ұсынар едім. Қазіргі қоғамға жетіспей жатқан білімқұмарлық, еңбекқорлық, адалдық қасиеттердің бәрі-Шоқанның бойынан табылған. Осы орайда мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз сөзінде: “Біздің нақты құндылықтарымыз болмаса, даму жолында тың серпіліс жасауымыз және көшбасшы елдер қатарына қосылуымыз неғайбыл. Сондықтан жалпыұлттық құндылықтар жүйесін бекітуіміз қажет. Ең бастысы адал жолмен, адал азамат болу”- деп атап өтті.
Осыған орай Д Құрманбек атындағы №20 колледжде қазақ тілі пәнінің оқытушысы Ж.Мұхтардың ұйымдастыруымен 1 курс білім алушы жастарымен Ш. Уәлихановтың 190жылдығына арналған “Тарихтан тағылым ” атты интелектуалдық сайыс өтті. 4 кезеңнен құрылған сайыс жастар арасында өте тартысты, колледж студенттері ой ұшқырлылығымен, тапқырлығымен белсенділік танытты. Сайыс соңында колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Темірбек жеңімпаздарды марапаттап, қорытындылады.
Білімге құштар жастарымыздың саны арта берсін!


Жарияланды: 05.12.202516:56

Автор: