Серпін-205

“Серпін-2050” бағдарламасы
Д.Құрманбек атындағы №20 колледжде бітіруші түлектер арасында “Серпін-2050” бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2014 жылы бастау алған бағдарламаның мақсаты еліміздің еңбек ресурстары басым келетін Оңтүстік өңірлерінің жастарын кадр тапшылығын көріп отырған аймақтарда оқытып, жұмысқа орналастыру. Қазақстан-2050 стратегиясында айқындалған басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған іс- шаралардың қатарына кіретін әлеуметтік жобаның мақсаты- білікті мамандар даярлау. Бұл стратегияның өзегі еліміздің дамыған отыз елдің қатарына қосылу болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап, Мәңгілік ел жастары- индустрияға атты әлеуметтік жобаны ұсынды. Осылайша, Серпін өмірге келді. Бірегей бағдарлама мыңдаған жастардың Батыс пен Шығыс, Солтүстік Қазақстанда білім алуына жол ашты. Кәсіптік- техникалық колледждер мен ЖОО- да сапалы білім алып жүрген жастар осының дәлелі. Мұның тағы бір артықшылығы- студенттерге арнайы сыйақы төленіп, жатақханаға орналасады, оқу орнын бітірген соң, жұмысқа орналасуына да мүмкіндік мол.

Жарияланды: 16.04.202213:05

Автор: