Сапалы білім – табысты кәсіби болашақ

«Сапалы білім – табысты кәсіби болашақ»
Дүйсенбі күні колледжіміздің АКТ залында «Арнайы технологиялық пәндер» бірлестігі ұйымдастыруымен «Сапалы білім – табысты кәсіби болашақ» тақырыбында студенттер мен ұстаздарға арналған онкүндіктің мерекелік ашылу шарасы өтті.

Бұл онкүндік – білім мен шығармашылықты, ғылым мен тіл шеберлігін ұштастыратын маңызды кезең.
Апталықтың басты мақсаты – заманауи технологияларды меңгерту, тілдік дағдыларды жетілдіру, әрі бәсекеге қабілетті маман ретінде студенттердің өздерін жаңа қырынан көрсетуіне жол ашу.
Мерекелік іс-шараға Отырар аудандық Орталық мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Этнографиялық жәдігерлерінен көшпелі көрмесі», Отырар аудандық кітапханасының «Көне де жаңа Отырар – қазақ тарихының алтын тұмары» атты кітап көрмесі таныстырылып, көрермен назарына ұсынылды.

Алдағы күндері бізді қызықты ашық сабақтар, шеберлік сағаттары, жобалар мен байқаулар күтуде.

 


Жарияланды: 05.12.202516:50

Автор: