Саналы ұрпақ байқауы өткізілді Шымкентте
Шымкент қаласы Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті және облыстық білім басқармасы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасаттылық пен адалдық, әділдік құндылықтарын насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында “Саналы ұрпақ сыбайластыққа жол бермейді!” байқауын өткізді. Осыған орай, Д. Құрманбек атындағы 20 колледжінің Саналы ұрпақ клубы мүшелерінен құралған “Әділет нұры” командасы өздерінің ғылыми жобаларын қорғады. Байқаудың үш кезеңінде қатысушы студенттеріміз өз дайындықтарын көрсете білді.