Саналы ұрпақ
Бүгін 17 ақпан Д.Құрманбек атындағы №20 колледж “Саналы ұрпақ” клуб жетекшісі С.Шохаеваның ұйымдастыруымен орталық кітапхана қызметкерлерімен бірлесе отырып, “Діни тұрақтылық-ел дамуының кепілі” тақырыбында жиын өтті.
Жиынға Отырар аудандық “Арыстан баб” орталық мешітінің және Отырар ауданының бас имамы Дербісбай Ғани Әбдікерімұлы және Жастар ресурсы орталығының теолог маманы Есенгелді Досжан мырза қатысты.
Іс-шара барысында мамандар студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға ұтымды жауап берді. Кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған “Діни сауатсыздық-діни эстремизмге бастайды” атты кітап көрмесі көпшілікке таныстырылды.