РУХАНИ БАЙЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ – АТА-БАБАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ МҰРАНЫ ДӘРІПТЕУ!
Д.Құрманбек атындағы N20 колледж кітапханашысы А.Болысбек студенттермен бірге Отырар аудандық қорық музейіне саяхат жасады.Биыл ауданымыздың 90 жылдық мерей тойына орай “Менің елімнің тарихы” атты музей қызметкерілерімен бірлесе отырып танымдық-саяхат сабағы ұйымдастырылды.
Мақсаты:
✅ Ұлттық және әлемдік мұралармен танысу арқылы жастардың мәдени кодын қалыптастыру;
✅ Ежелгі археология этнография,ғылым – техника салаларындағы мұралармен таныстыру арқылы мәдени рухани дамуына ықпал ету.
📍 Қазіргі таңда білім беру саласында тек теориялық біліммен шектеліп қалмай,студенттердің практикалық және мәдени-рухани дамуына ерекше мән берілуде. Ал музейлерге саяхат жасау – студенттердің дүниетанымын кеңейтіп,тарихы және көркем мұрамен жақын танысуына жол ашатын маңызды әлеуметтік -мәдени мекеме болып табылады. Бұл байланысты дамыту- ұлттың рухани байлығын сақтап,болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуына жол ашады. Сондықтан да музейлер студенттер үшін тек көру орны ғана емес,білім мен тәрбие алатын орталыққа айналуы тиіс.
📌 Қорыта айтқанда, мәдени мұралар -халықтың тарихи жадын, дүниетанымын, рухани байлығын айқындайтын баға жетпес қазыналар. Олар ұрпақтар сабақтастығын сақтап, ұлттық бірегейлікті нығайтады. Сондықтан мәдени мұраларды қорғау, сақтау және насихаттау әрбір азаматтың қасиетті борышы деп саналады.











