«ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ» тақырыбындағы әдістемелік десанттық болып өтті

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының білім беруді дамыту орталығының жылдық жұмысына байланысты 2022 ж 26.10–28.10. күндері Отырар ауданы, Шәуілдір ауылыныда Д.Құрманбек атындағы №20 колледждің базасында  «ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ»
тақырыбындағы әдістемелік десанттық  болып өтті.

Әдістемелік десанттың мақсаты: білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ ұйымдарында педагогтік лауазымдарды атқаратын оқытушыларды аттестаттаудан өткізу тәртібімен, реттеуші нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру.

Әдістемелік десанттың міндеттері:

  • педагогтердің аттестаттауға қатысуға дайындық деңгейін анықтау;
  • ұстаздардың ұлттық біліктілік тестілеуге дайындығын жетілдіруге бағытталған жұмыстарды үйлестіру;
  • ТжКБ педагогтерін аттестаттау үрдісі туралы ақпараттандыру;
  • біліктілік деңгейін жоғарылату үшін қажет нормативтік-құқықтық Ережелерін түсіндіру;
  • әдістемелік жұмыстарды жүргізу мәселесінде қолдау көрсету, әдістемелік құжаттармен жұмыс, оқу үрдісін жүргізу жұмыстарын жүргізу;
  • педагогтердің білім беру бағдарламаларын жасаудағы құзыреттіліктерін арттыру;
  • әдіскерлердің оқу жоспарларын, білім беру қызметінің әдістемелік материалдарын әзірлеу құзыреттілігін арттыру

 

Әдістемелік десанттан күтілетін нәтижелер:

  1. Біледі: педагог қызметкерлер ҰБТ дайындық деңгейін арттырады, нормативтік-құқықтық қағидаларын игереді;
  2. Жүзеге асыра алады: дайындық жұмыстарын нормативтік-құқықтық ережелер негізінде жүргізіп біліктіліктерін жоғарылату, растау мақсаттарын жүзеге асыра алады.

Жарияланды: 03.11.202218:27

Автор: