Оқытушылар мен қызметкерлер және білім алушылар арасында интернет алаяқтықтың алдын алу жөнінде жиналыс өткізілді.

Колледжде Түркістан облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Ж.Тастемір, АПБ КПБ бастығы, полиция капитаны Ә.Сейдехан, АПБ криминалдық полиция бөлімі жедел уәкілі, полиция капитаны Ө.Әбзейтов, АПБ-і, ЖПҚ-нің ЮПТ аға инспекторы, полиция подполковнигі Т.Меңлібаевтардың қатысуымен оқытушылар мен қызметкерлер және білім алушылар арасында интернет алаяқтықтың алдын алу жөнінде жиналыс өткізілді.
Қазіргі таңда интернет-алаяқтық бойынша орын алған қылмыстарға тоқталып, оның жиі кездесетін түрлерімен таныстырды.
Интернеттегі алаяқтық түрлеріне құқық қорғау органдары және банк қызметкері ретінде қоңырау шалу, тауарға н/е қызметке алдын ала төлем жасау, мессенджер(ватсап,ВК, инстаграм т.б.) арқылы танысы ретінде қарызға ақша сұрау, инвестиция н/е ақша қаражатын көбейту, байланыс операторы және «Казпочта» қызметкері ретінде таныстырып, қажетті мағлұматтарға қол жеткізетінін айтып өтті. Қазақстанда қаржылық алаяқтық пен киберқылмыспен байланысты көптеп интернет-алаяқтық фактілері тіркеліп жатыр. Дегенмен, көптеген алаяқтық жағдайлары тиісті орындарға хабарланбайды, сондықтан нақты сандары белгісіз. Онлайн алаяқтықтан қорғау үшін жеке ақпаратты беру кезінде абай болу, күдікті электрондық пошталар мен сілтемелерді ашпау, сенімді антивирустық бағдарламалық құралды пайдалану маңызды.
Интернет-алаяқтық жаһандық мәселе айналып отыр. Ақпараттық сауаттылықты дамыту және сақтық шараларын қолдану арқылы ғана біз өзімізді және жеке деректерімізді алаяқтардың ықпалынан қорғай аламыз.
#біртұтастәрбие




Жарияланды: 22.02.202508:46

Автор: