Оқуға шақырамыз
Құрметті талапкер!!! Сіздерді Түркістан облысы, Отырар ауданы, Дәуренбек Құрманбек атындағы №20 колледжге 2022-2023 оқу жылына төмендегі мамандықтар бойынша оқуға қабылдайды. Аспазшы, электргазымен дәнекерлеуші, тігінші, көліктерді жөндеу шебері, ауылшаруашылығы өндірісінің тракторист- машинисі, жеміс өсіруші, компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы, бухгалтер-кассир. Колледжде оқу қазақ тілінде жүргізіледі. Студенттер шәкіртақымен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Оқу ақысыз. 9 және 11 сынып бітірген талапкерлерді оқуға шақырамыз.
Сіздерді Түркістан облысы, Отырар ауданы, Дәуренбек Құрманбек атындағы №20 колледжге 2021-2022 оқу жылына төмендегі мамандықтар бойынша оқуға қабылдайды. Аспазшы, электргазымен дәнекерлеуші, тігінші, көліктерді жөндеу шебері, ауылшаруашылығы өндірісінің тракторист- машинисі, жеміс өсіруші, компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы. Колледжде заман талабына сай 18 оқу кабинет, 8 өндірістік шеберхана бар. Оның ішіндегі жаңа үлгідегі физика, химия, мультимедиялық компьютерлік кабинеттер. Барлық оқу кабинеттері интерактивті тақтамен қамтылып, кең жолақты интернет желісіне қосылған. Колледж базасында 250 орындық жатақхана, 250 орындық асхана, 300 орындық АКТ залы, спорт зал, стадион, автодром және жалпы қоры 12000 -ға жуық кітапхана қоры жұмыс істейді. Колледжде оқу қазақ тілінде жүргізіледі. Студенттер шәкіртақымен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Оқу ақысыз. 9 және 11 сынып бітірген талапкерлерді оқуға шақырады.


Всего комментариев: 0