«Менің жетістігім – менің нәтижем»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан халқына «Құрылымды қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында айтылған («…Біз оқушылардың қабілеттерін анықтау негізінде кәсіби бағдарлау саясатына көшуіміз керек. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізіне айналуы тиіс…») тезистеріне сәйкес, Қазақстан Республикасындағы Еңбек күніне байланысты колледжде «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында Д.Құрманбек атындағы №20 колледжде колледждішілік дебат турнирі өткізілді. Аталған дебат АПФ форматында өтті.
Дебат турнирінің мақсаты: Қазақстан Республикасындағы еңбектің маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру, еңбек адамының құқықтарын талқылау, білім беру жүйесінде кәсіби бағдарлау жұмыстарын жандандыру.