Мемлекет басшысының жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды.
Мемлекет басшысының жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. «Білімді ұлт сапалы білім беру» ұлттық жобасындағы 2025 жылға дейін 9-шы сынып түлектерін тегін техникалық және кәсіптік білім берумен қамтуды 100%-ға ұлғайту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 қаулысына сәйкес, Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінде 2025-2026 оқу жылына талапкерлер мен ата-аналарға кәсіби бағдар беру жұмыстарының іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспар бойынша Отырар аудандық білім бөлімімен Д.Құрманбек атындағы №20 колледж арасында меморандумға қол қойылып, аудан мектептерінде үгіт-насихат жүргізу кестесі бекітіліп, «Ашық есік» күндері мен т.б. іс-шараларды бірлесіп өткізу жоспарланған.