«Мамандықтар әлемі: «Біз таңдаған жол» іс-шарасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында биылғы 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтары жылы” деп жариялады. “Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Әрі біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз”, — деді.

Сол жұмысшы мамандарды оқытып даярлайтын, адал еңбек, маңдай терімен еліміздің өсіп-өркендеп, дамуына үлес қосып жүрген мамандық иелерінің орны ерекше. Бүгін Т. Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен бірге “Мамандықтар әлемі: «Біз таңдаған жол» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып, жастарды жұмысшы мамандықтарға бағыттау және тарту мақсатында үгіт-насихаттар жүргізілді. Іс-шараға әр сала бойынша қызмет етіп жүрген көптеген мамандар мен жеке кәсіпкерлер қатысты. Олар ел экономикасының дамуында жұмысшы мамандықтардың маңызды рөл атқаратындығын айтып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.


Жарияланды: 22.01.202512:53

Автор: