Ұлттық спорт – ұлт рухының айнасы!
«Наурызнама» онкүндігі аясында 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай колледжімізде студенттер арасында ұлттық спорттық ойындарды дәріптеуге бағытталған тағылымды іс-шара өтті. Шара колледжіміздің дене шынықтыру пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізілді.
Колледж директоры Б.Қордашбеков қатысушы студенттерді Ұлттық спорт күнімен құттықтап, оларға сәттілік тілеп, ізгі ниетін білдірді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Бұқаралық спортты дамыту – ұлт денсаулығын нығайтудың негізгі кепілі». Осы орайда ұйымдастырылған ұлттық ойындар студенттердің белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың рухани және физикалық дамуына серпін берді.
Ұлттық мұрамызды ұлықтаған бұл шара – жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастырып, салт-дәстүрге деген құрметін арттыра түседі деген сенімдеміз.









