Ұлт рухының шамшырағы – Міржақып Дулатовқа 140 жыл

Биыл Алаш арысы,көрнекті ақын, публицист, қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл!
Ол-“Оян қазақ!” – деп елін серпілткен, азаттық пен әділдік жолында бар ғұмырын сарп еткен ұлы тұлға.
Осы орайда Дәуренбек Құрманбек атындағы 20 колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ж.Мұхтардың ұйымдастыруымен “Ұлт мақтанышы-Міржақып” атты колледж студенттері және аудандық кітапхана бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында:
Алаш арысы М.Дулатовтың қоғамдық – саяси қызметтері мен еңбектеріне талдау жасап, кеңінен насихатталды. Ақынның ағартушылық идеяларына арналған еңбектерінен сахналық көрініс пен өлеңдері жатқа айтылды.
Іс-шара соңында кітап көрмесін тамашалап, жастарымыз мол рухани азық алып, білімге ұмтылудың, елге адал қызмет ету- әр азаматтың Отан алдындағы парызы екендігін ұғынды.
Қорыта айтқанда, М.Дулатов шығармашвлығы – ұлт санасын оятқан рухани мұра, тәуелсіздік идеясының темірқазығы!


Жарияланды: 17.12.202510:28

Автор: