«Әлихан Бөкейхан және Тәуелсіздік тағылымы»

Д.Құрманбек атындағы №20 колледждің І курс студенттері арасында тарих пәні оқытушылары А.Әбдешбек пен Л.Өменованың ұйымдастыруымен «Әлихан Бөкейхан және Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбында конференция өтті.
Конференцияның мақсаты: Жастарды патриоттық санада тәрбиелеу, халқымыздың ұлы тұлғаларын кеңінен насихаттау, Тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін жоғарылату болатын.
Конференция тақырыбында студенттер Алаш көсемі және қоғам қайраткері—Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30жылдығына арнайы дайындаған өз баяндамаларын ұсынды.  Баяндамашылар арасында өзара сұрақтарға жауап алды. Студенттер тарихымыздың құнды құжаттары мен маңызды мәліметтер алды. Сондай-ақ арнайы шақырылған Отырар Аудандық Орталық Кітапхананың оқу бөлімі «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбындағы кітап көрмесі студенттердің қызығушылығын арттыра түсті. Тәуелсіздік-тұғыры биік болсын!

 


Жарияланды: 28.05.202108:46

Автор: