Лейтенант Д.Байсақов және инспектор Е.Әлиевтің қатысуларымен дөңгелек үстел өткізілді
Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінің әскери патриоттық тәрбие беру жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара қызметінің аға офицері, майор С.Исабаев және Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жасақтау тобының бастығы лейтенант Д.Байсақов, және инспектор Е.Әлиевтің қатысуларымен дөңгелек үстел өткізілді. Жиында колледж бітіруші курс студенттеріне ҚР әскери оқу орындарына оқуға түсуге байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.