«Әл-Фарабидің рухани мұрасы: Әлеуметтік идеялар және адамзат өркениеті»
Әл-Фарабидің рухани мұрасы: Әлеуметтік идеялар және адамзат өркениеті
Д.Құрманбек атындағы №20 колледж ұжымының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында Ұлы ғұлама ғалым Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Әл-Фарабидің рухани мұрасы: Әлеуметтік идеялар және адамзат өркениеті» тақырыбында ZOOM платформасы бойынша республикалық ғылыми-практикалық онлайн – конференция болып өтті.
Конференцияның мақсаты: Ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби мұраларындағы ізгілік, әлеуметтік-саяси, ғылыми идеяларының маңыздылығын насихаттау және бүгінгі қазақ елінің рухани санасының жаңғыруына, өркендеуіне ықпал ету. Бұл конференция жұмысына білім беру мен мәдени ұйымдарының озық тәжірибелері бар профессор-оқытушылар құрамы мен ғалымдар, колледж оқытушылары, әдіскерлер, музей қызметкерлері т.б қатысты. Конференция шымылдығын Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінің директоры Талғат Бейсен ашып, қатысушы қонақтарға сәттілік тіледі. Республикалық ғылыми-практикалық онлайн – конференция жұмысына Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейінің Кіші ғылыми қызметкері, Гуманитарлық ғылымдар магистрі Абдуахитов Ерқожа Сейтжаппарұлы «Әл-Фарабидің рухани, әлеуметтік және саяси көзқарастары» тақырыбында ғылыми баяндамасын оқып, Әл – Фарабидің «Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары» трактатының философиялық мәнін талдай келе, Ұлы ғұламаның рухани және саяси концепциялары ұлттық идеологиямыздың алтын қазығы болу қажеттігін, сондай – ақ, бүгінгі қазақ қоғамы Фараби ілімінен терең тағылым алу керектігін түсіндіріп берді. Колледж басшылығы іс – шара соңында қатысушы қонақтарға үлкен алғысын білдірді.