Колледжімізде “Ұлттық Worldskills Kazakhstan -2019 чемпионаттары” жеңімпаздарының салтанатты шеруі болып өтті
Колледжімізде “Ұлттық Worldskills Kazakhstan -2019 чемпионаттары” жеңімпаздарының салтанатты шеруі болып өтті.Салтанатты шеруді бастап келген Түркістан облысы әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің методисі Калиева Нұрсұлу Абдешовна сөз ала отырып: – чемпионатқа қатысу -бұл өзіне білім берген ұйымды таныстыру мақсатындағы үлкен құрмет қана емес ,сонымен қатар үлкен жауапкершілік” -деді.Чемпионатқа қатысушы жеңімпаз студенттер алға қойған мақсаттарын айтып өтті.Колледж директоры Т.Бейсен кездесу барысында келген қонақтарға ризашылығын білдіре отырып,студенттерге жарқын болашақ,ең батыл идеялар мен жоспарларды іске асыруға тілектестігін білдірді.